Күре жолдар қайта жаңғырмақ

Күре жолдар қайта жаңғырмақ
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында автокөлік жолдары саласына баса назар аударған болатын.

«Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын»,- деді ел Президенті.

Осыған орай өңірлерде күре жолдарға жүргізілетін қайта жаңғырту жұмыстары біздің ауданды да айналып өтпек емес. Жолдауда айтылғандай жөндеу жұмыстары Ақтөбе-Атырау-Астархань жолдарына да жүргізілетін болады. Бұл қуантарлық жаңалық. Өйткені бүгінгі таңда жүк көліктері мен жеңіл көліктер бір трассамен жүретін болғандықтан, жолдың сапасы сын көтермей барады. Ауыр салмақты жүк көліктері жолдың кедір-бұдырын шығарып жатқаны жасырын емес. Сондықтан Мемлекет басшысының осы мәселені жолдауда көтеруі және тапсырмалар беруі орынды әрі ұтымды болған шешім деп ойлаймын.

Себебі, сапалы жол – жол-көлік оқиғасын алдын-алудың бірден-бір жолы болмақ.

Хасанов Данияр,

Мақат ауданы Полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы
Полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT