Бүгінгі сайлау жергілікті бақылаушылардан бөлек халықаралық байқаушылардың жіті назарында.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде орналасқан №211 сайлау учаскесінде болды.
Рита Тапорн мен Борге Нильсен Германия және Норвегия елінің азаматтары. "Қазақстан Республикасы үкіметінің шақыртуымен ЕҚЫҰ мүше 56 елдің 18-інен барлығы 300-ге жуық бақылаушы болып келдік",-дейді шет елдік қонақтар.
Олар аталған сайлау учаскесінен шыққаннан кейін ауданымыздағы басқа да учаскелерді араламақ.
А. Есжан