№205 сайлау уческесінде тұрғындардың дауыс беру қарқыны жоғары. Әсіресе, зейнеткерлердің қарасы көп.
Осы орайда аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері келген тұрғындарға ән айтып, жақсы көңіл-күй сыйлауда. Әуезді әнмен думанға бөлеген өнерпаздарға халық та дән риза. Олар мерекелік көңіл-күймен өз таңдауларын жасап жатыр.
Ә.ҚАСЫМ