№205 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беруге келгендер саны толастар емес.
Солардің бірі Байсаликовтар отбасы. Олар саяси науқанда отбасымен түгел келіп, өз таңдауларын жасады. “Болашақтың өркендеуі мен дамуы тұрғысында отбасымызбен өз дауысымызды беруге келдік. Себебі, Президент сайлауында әрбіріміздің дауысымыз маңызды. Сондықтан, бұл мүмкіндіктен қалыс қалмау керек”, - дейді отбасы мүшесі Жүзім Барлыбаева.
Айта кетейік, №205 учаскесінде қазірге дейін 30 пайызға жуық тұрғын дауыс беріпті.
Ә.ҚАСЫМ