Қарттар күніне орай «KCOI» компаниясы, облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Исмағұлов және аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетовтың демеушілігімен ауданымыздағы егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға құрмет көрсетілді.
Осы ретте қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету орталығының директоры Жасұлан Есенғожин мен сала мамандары арнайы қарттардың үйін аралап, мерекеге орай азық-түлікке толы себетін таратты.
«Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Мереке тұсында дендеріңізге саулық, сарқылмас күш-қайрат тілеймін!», - деді өз сөзінде Жасұлан Есенғожин.
Өз кезегінде құрметке бөленген қариялар демеушілерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Айта кетейік, бүгінде ауданымызда егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ 48 қарт өмір сүреді.
Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі