Ауданда “Өнер қырандары” театры Мәуліт кешін өткізді

(0 Votes)

Мұсылман жұртшылығы үшін қадірлі де қасиетті – Мәуліт мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Адамзаттың абзалы – Мұхаммед» тақырыбында рухани кеш өтті. 

Аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен өткен кештің мақсаты - Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани өнегелі өмірі, тәлім-тәрбиесі мол ұлағатты сөздерін жастардың санасына сіңіру, жастардың дұрыс, тура жолмен жүріп-тұруына септігі тиетін хадистерді насихаттау болды.

Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов жұртшылықты мәуліт мерекесімен құттықтап, қасиетті мерекеде ауданымызға келген өнер ұжымына аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы шараның мақсаты мен маңыздылығын атап өтіп, игі тілегін білдірді. Одан бөлек, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтып өтті.

Кеш барасында «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры тәрбиелік мәні зор, мәдени-рухани, тағылымға толы қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды.

Кешті тамашалауға келген қалың жұрт ерекше әсерге бөленіп, рухани демалып қайтты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521