Жаңадан тағайындалған аудан әкімі Ринат Ибрагимов алғашқы жұмыс аптасын ардагерлермен кездесуден бастады.
Алдымен, қай істе де тілекші болып жүретін ардагерлердің батасын алып, іргелі ауданды ілгерілету жұмысына кірісті.
Ардагерлермен жүздесуде аудан басшысы ауданның даму перспективаларын атап, алдағы міндеттерді саралады. Көргені мен түйгені көп ақсақалдармен кездесу барысында ол үлкендердің батасын алуға келгенін айтты.
«Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды еке¬нін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқа¬руды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін», – деді аудан әкімі Ринат Хисаұлы.
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңе¬сінің төрағасы Сәбит Халенов аудан әкіміне елге қызмет етуде сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, жүздесуде елдің арқа сүйер қариялары бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Олар ауданға стадион керектігін, тазалық жұмыстарын ширату қажеттігін және кентішілік жол салу мәселесін қозғады.
Басқосуды қорытындылаған Ринат Хисаұлы ардагерлерге алғысын айтып, көтерілген мәселелерді зерделейтінін, оң шешім табуына ықпал ететінін, осындай жиындар әлі де жалғасын табатынын жеткізді.
Кездесу соңында ауданның батагөй қариясы Жамбыл Досқалиев сөз алып, аудан әкіміне ақ батасын берді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА,
Суреттер автордікі