Аудан өнімі – Астана жәрмеңкесінде

(0 Votes)

Астана қаласында 24-25 қыркүйек күндері Атырау облысының дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Мұнда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынған болатын. Олардың қатарында ауданымыздың да өнімдері болды.

Доссор кентінен елордалық тұрғындарға өнімін ұсынған «Абылайхан» шаруа қожалығының иесі Ахмет Ищанов бұл жәрмеңкеге биыл екінші рет қатысып тұр. Биылғы жәрмеңкеде 1 тонна сиыр және жылқы етін саудалады.

«Ахмет Ищанов елордамызда дәстүрлі түрде өтетін жәрмеңкеге ауданымыздан өнімін ұсынып келе жатырған жалғыз кәсіпкер. Биылғы өнімінің мөлшері жылдағыға қарағанда көбейгені қуантып отыр. Ауданнан жеткізілген өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсынған баға мөлшеріне сәйкес саудаланды. Жәрмеңкеге апарылған ет өнімдері ветеринариялық тексерілуден өткізіліп, сақтық шаралары қатаң бақылауда болды. Жалпы ауданымызда ауыл шаруашылығы дамымағандықтан көкөніс тағыда басқа өнімдерді апару мүмкін болмады. Алдағы уақытта бұл олықылық оңалады деген сенімдеміз»,- дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақмарал Жаңгереева.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда ұйымдастырылды. Жалпы алғанда мұнайлы өңірден елордаға 110 тонна өнім әкелініп, ол нарық бағасынан 10-20% төмен бағамен сатылды.

Атап айтсақ, жәрмеңкеге облыстан 15,3 тонна ет, 44 тонна балық, 2 тоннадан астам сүт өнімдері, 25 тонна көкөніс, 2 тонна жеміс-жидек, сондай-ақ, 21,7 тонна өзге де өнімдер ұсынылды.

Елімізде дәстүрлі түрде өтетін ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің мақсаты – тауар өндірушілердің өнімін өткізудің қосымша нарығымен қамтамасыз ету. Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Осы ретте, тауарларды тасмалдау шараларына облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама да дайындалды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521