«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аяқталды

(0 Votes)

ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру және қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында 16-21 қыркүйек аралығында өткен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.

Шара барысында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, дағдарыс орталықтары мен ҮЕҰ-дың сенім телефондары базасында кеңес беру және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша «Қауырт желінің» жұмысы ұйымдастырылды.

Азаматтар жаппай жиналатын орындарда көрсетілген тақырыпта жадынамалар мен брошюра таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша мектеп әкімшілігімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларына жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Іс-шара кезінде есепте тұрған «Қолайсыз отбасылардың» тұрғылықты мекен-жайларын тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгілеген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылды.

 

К.Серікбаева,

Мақат АПБ ЖПҚб

ӘҚЗЗ қорғау жөніндегі инспекторы

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521