Мақаттықтар электронды қызмет алуды меңгеруде

(0 Votes)

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл жолы аудандық экономика және қаржы бөлімімен бірлесіп Л.Шахатов атындағы орта мектеп қызметкерлеріне  электрондық қызметтерді тиімді алу жолдарын түсіндіріп, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы атқарылатын қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, ұялы телефон арқылы Телеграмм мессенджерінен анықтамалар алу, «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы қызметтер мен сервистерді пайдалану жолдары көрсетілді.

Одан әрі «видеоЦОН» мобильдік қосымшасы арқылы видео оператордың көмегімен кез келген электронды қызмет түрін алуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, қызмет алушыларға Цифрлы құжаттар сервисі мобильді қосымшасы авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді екені айтылды. Бұл қосымшалардың көмегімен Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ кез келген жерден аталған қосымшылар арқылы уақыттарыңызды үнемдеп қызмет ала аласыздар.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521