Аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар өтуде

(0 Votes)

Аудан көлемінде заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын таксилерді анықтау мақсатында «Такси» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.

Іс-шара барысында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, багажды немесе жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған, жолаушыларды тасымалдау қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтар жауапкершілікке тартылатын болады.

Жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын-алуды мақсат еткен профилактикалық шара тамыз айының 5-7 күндері аралығында өтеді.

Сондай-ақ, мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және мотоцикл жүргізушілерімен жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындау бойынша 5-8 тамыз аралығында аудан көлемінде профилактикалық іс-шара жалғасады.

А.Мулхайдаров,

Мақат АПБ-і ЖПҚб-і Патрульдік полиция тобының

аға қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT