Қайтарымсыз қайырымдылық жасаудан қол үзбеген халқымыз биылғы еріктілер жылында атқарылып жатқан жұмыстармен қоғамда мейірімсіз адам болмайтынын байқатты. Қазір ел басына күн туған сәтте әр күн сайын осыған куә болып отырмыз.
Өткен аптада ауданның «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары Доссор кентіне ат басын бұрып бүлдіршіндерді қуантуға асықты. Бір топ сарбаздар өздері қаражат жинап, ойын алаңшаларында сайран салып жүрген балақайларға 75 дана балмұздақ және шырын таратты. Осылайша балалардың жүзіне қуаныш сыйлай білген сарбаздар еңбек етумен қатар, қайырымды іс жасауды да ұмытпады.
Сондай-ақ, олар артылған қаражатты «Харекет» қайырымдылық қорына аударды.
Өз тілшіміз