Аудан әкімі Доссор кентіндегі мәселелермен танысты

(0 Votes)

Жаңа қызметке енді келсе де аудан әкімі Ринат Ибрагимов өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуды қызметке кіріскен алғашқы күні бастап кетті. Сәрсенбі күні тиісті сала басшыларымен бірге Доссор кентін аралап, ауылдың өзекті мәселелерімен танысты.


Алдымен «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ондағы атқарылатын жол құрылыс жұмыстарын көзбен көріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан негізінен салынып жатқан асфальтқа суағар салу қажеттілігі көтерілді.


«Жұмысты жоспарлау үшін әуелі проблемаларды білу қажет. Сондықтан мен халықпен бетпе-бет жүздесіп, ауыл тынысын жергілікті тұрғындардың өз ауызынан естігенді жөн көрдім. Өйткені, бұл біздің қызметтік міндетіміз. Күн жылынып, құрылыс жұмыстары басталғанша барлық жобалармен танысып шығамын. Сіздер көтеріп жатқан мәселелерді шешуді қарастырамыз» , – деп атап өтті ол кездесуде.


Мұнан соң, аудан басшысы Ш.Исанов көшесіне барды. Мұндағы тұрғындар да жолдың жоқтығын айтып, көлік түгелі адам жүре алмайтынын жеткізді. Тұрғындардың айтуынша күз-қыс айларында жол қатынасы қиындап, тіптен тоқтап қалатын кездер де болады. Сондықтан, жол мәселесін шешіп беруді сұрады. Бұл сұрақтарға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбай алдағы уақытта бұл жерге жол салу жоспарда бар екенін айтты.

maqat-akim-dossor-3


«Жоспар бойынша бұл жерге жол салу жұмыстары «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарындағы жұмыстар біткеннен кейін басталады. Жобасы да, құжаттамасы да дайын. Жалпы жұмыс қаражаттың бөлінуіне байланысты жүргізіледі. Ал, Доссор кентіне түгелдей 24 шақырым жол төселетін болады»,- деді Т.Іңірбай. Аудан әкімі де бұл жұмыстарды өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

maqat-akim-dossor-4


Сондай-ақ, Ринат Хисаұлы Б.Қанатбаев және Н.Құсайынов көшелерінде де болып «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Ғабдуллиннің аталмыш көшелерде салынған жолдың сапасына қатысты айтқан уәжін тыңдады. Жол жағдайын аралап шыққан аудан әкімі жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселереледі де тыңдады.
Доссор кентіндегі өзекті мәселелермен таныс болған аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешуге жұмыс жасайтындығын жеткізді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT