Мақатта ұялы телефон ұрлаған ұры ұсталды

(0 Votes)

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан тұрғыны Мақат стансасына жолаушылар пойызы тоқтаған кезде, вагон ішіне кіріп жолаушылардың ұялы телефондарына ұрлыққа түскен.

Осылайша 3 мәрте ұрлық жасап, ұрланған телефондарды сатып ақша қылған.

Жоғарыда аталған оқиға бойынша Атырау стансасындағы Желілік полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабымен қылмыстық іс қозғалып, көлік полицейлері жедел іздестіру шараларын өткізді.

Нәтижесінде Мақат ауданының 2001 жылы туған А. есімді азаматы ұсталып, қылмыстық іс аудандық сотқа жолданды.

Сот отырысында А. есімді азаматтың жасаған қылмыстары дәлелденіп, 3 жыл бас бостандығынан шектеуге үкім шықты.

Айта кетейік, ауданда жолаушылар пойызында телефон ұрлығы бойынша қылмыс азаймай тұр. Жыл басынан бері аталмыш қылмыс бойынша 6 дерек тіркеліп отыр.

Қ.ЕРАЛИЕВ,
Мақат стансасындағы Желілік полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521