«2021 жылдың 5 қазаны осындай қуанышты жаңалықпен тарихқа еніп отыр» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда соңғы бір тәулік ішінде 19 адамнан коронавирус анықталды. Қауіпті індеттен 17 емделуші сауығып шықты.
Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруын мамандар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алушылар қатарының көбеюімен байланыстырып отыр.
Соңғы тәулікте Атырау облысы бойынша 749 тұрғын екпе алды. Коронавирсқа қарсы екпенің І компонентімен егілгендер саны облыс бойынша 228 219 адамға жетті. Екпенің толық компонентін алған атыраулықтар саны 192 494 адам.
Еске сала кетелік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алу науқаны ақпан айында басталды.