Құрманғазы ауданында автокөліктер тұрған жеке гараж өртенді

(0 Votes)

Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ-нің 2 бірлік негізгі техникасы мен 12 жеке құрамы жұмылдырылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында уақытша тұрғын үйдің (времянка) толық жануына жол бермеген. Алайда, гараждың ішінде тұрған «Toyota Ipsum» және «ВАЗ-2114» маркалы автокөліктердің толықтай жануы орын алды.

- 4 қазан күні 13 сағат 46 минутта Құрманғазы ауданы, №7 ӨСБ-нің «101» телефонына Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Жерұйық көшесі, №46 мекен-жайында тұрғын үйдің жанып жатқандығы туралы хабарлама түсті.Түскен хабарлама бойынша оқиға орнына №7 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 13 сағат 50 минутта жеткен кезде Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Жерұйық көшесі, №46 мекен-жайында орналасқан ауданы 150 м2 (5х30 м) болатын уақытша тұрғын үй мен жапсарлас салынған гараждың төбе жабындысы ашық отпен жанып жатқан. Өрт 14 сағат 33 минутта оқшауланып, 14 сағат 36 минутта толықтай жойылды, делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарлаған мәліметте.

Өрт кезінде Өзбекстан Республикасы азаматы, Хорезм қаласының тұрғыны 1989 ж.т. О.Н II-ші дәрежелі 8-20% термиялық күйік жарақ алғаны белгілі болды. Бүгінгі күні аудандық орталық аурухананың хирургия бөліміне ем алуға жатқызылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT