Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында көнекөз қарияларымыз да арнайы марапаттардан қалыс қалмады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы жолдаған Құрмет грамоталарын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов табыс етті.
Қоғамның өзекті мәселелеріне өзіндік үнін қосып жүретін Сафи Саршаев, Байғали Сарсекбаев, Бақтығали Құрманов, Дінғали Даулетбаев, Қуат Мыңтұрғанов , Ерғазы Жоламанов секілді ақсақалдарымыз Құрмет грамотасына ие болса , Жамбыл Досқалиев, Шаяхмет Ищанғалиев секілді ардагерлер арнайы алғыс хатқа ие болды.
"Мемлекетіміздің осы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық, рухани-мәдени дамуында аға буын өкілдерінің де ерекше үлесі бар. Ардагерлеріміз, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, мемлекет саясатын жүзеге асыруға, тұрақтылық пен бірлікті сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, жастарға адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беруге белсене атсалысып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс-береке, баянды бақыт тілеймін",-делінген М.Өтешовтың сәлемдемесінде.
Еңбегі еленген қариялар, балаша мәз болып тәуелсіздігіміздің торқалы тойына ақ тілектерін жаудырды. Сіздердей қазыналы қарттары бар мұнайлы өлкенің бағы бес елі.
А.САДЫҚОВ