Тайланд елінің астанасы Бангог қаласында 5-11 желтоқсан аралығында муай-тайдан әлем чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі дода да жерлестеріміз доссорлық Әбіл Галиев және Арсен Бисенбай ел құрамасы сапында өнер көрсетті.
14-15 жылы туылған жасөспірімдер арасында 40 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Арсен алтын жүлдегер атанды. Арсеннің Әлем чемпионатына алғаш рет қатысуы осылайша сәтті аяқталды. Ол өз жеңісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын дейді.
Арсен жартылай финалда Беларусь елінің өкілі Павла Альшаниканы айқын басылымдықпен жеңіп, финалда Тайланд елінің спортшысы Сикхарина Самбунсранганы 2:1 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды түсірген болатын.
Ал, ересктер арасында өткен сайыста 63,5 келі бойынша өнер көрсеткен Әбіл бұл жолы қола жүлдені місе тұтты.
Әбіл алғашқы кездесуінде өзбекстандық Бекзода Амановты ауыр нокаутқа жіберіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Екінші кездесуінде үндістандық Анил Кумарды техникалық нокаутпен жеңіп, ширек финалға шықты.
Ауғанстандық Юсуф Мохаммадты да жеңген ол жартылай финалда украйндық спортшы Игорь Любченкодан жеңіліс тауып, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА