Біләл - үздік имам

(0 Votes)

Жастайынан жаратқанға мойынсұнып, дін жолында халыққа қалтқысыз қызмет ету оңай шаруа емес.

Дін ұстана аласаң ғана қасиетің. Осы ретте ауданымыздың бас имамы Біләл Сүннетқожаұлының еңбегі орасан. Имам діни жоралғыларды орындаушы ғана емес, түсінген жанға жамағатты ауызбіршілікке, елді қиын сәтте сабырға шақыратын тұлға.
Міне, елдің риясыз ақ алғысына бөленіп жүрген имамымыздың Алла разылығы жолындағы әрекеттері елеусіз қалмады. Ол, жақында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қолынан "Үздік имам-2021" марапатына ие болды.

"Жасаған жұмыстарымыз ҚМДБ орталық аппаратының жеті бағыты бойынша бағаланды",-дейді Біләл Сүннетқожаұлы.

Оның ішінде: ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрибе Ихсан ілімі, дін мен дәстүр және жат діни ағымдармен жұмыс секілді бөлімдер бар.


Естеріңізде болса, Біләл Сүннетқожаұлы 2019 жылы ауданымыздың бас имамы болып тағайындалған еді. Әйгілі азаншымен аттас имамға тағы да толағай табыстар тілейміз.

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521