Ардагерім, әр уақыт аман жүр!

(0 Votes)

Жыл сайын ауданның өркендеуіне өз үлестерін қосып, қажырлы еңбек еткен еңбек ардагерлері, қарттар мен ата-әжелерді әлеуметтік қорғау мақсатында бірқатар шаралар өткізіліп келеді.

Бұл күні аудан әкімі аппаратының қолдауымен қарттарға сый-құрмет көрсетіліп, қамқорлық шаралары жалғасын тапты. Осыған орай, «Залина» мейрамханасында қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылды.

Өмір жолдарында кездескен қиындықтарды жеңе отырып, елі, халқы үшін еңбек етіп, болашақ ұрпаққа үлгі бола білген ауыл қарттарының естеліктерімен бөлісіп, ақыл-кеңестеріне зейін қойған аудан әкімі Жұмабай Қарағаев қарияларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік тілекті әрі қарай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жалғап, ауданда жасалып жатырған игі істер, ауданның алдыңғы қатарда болуы, дамуы мен үшін маңызды екенін атап өтті.

Мерекелік дастархан басында ардагерлер, еңбек ардагерлері тілектерін білдіріп, аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізді. Басқосуда аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-биден шашу шашып, көпшіліктің көңілін көтерді. Сондай-ақ, қарттар күніне орай аудандық ардагерлер кеңесі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ардагерлер және аудан тұрғындары арасындағы шахматтан жеңіске жеткен қарияларды марапаттап, ақшалай сыйлық табыс етті. Шара соңында тыл ардагері Қаби Талпақов бата берді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521