Нұржамал әженің алғысы

(0 Votes)

"Қарияларға қамқорлық көрсетейік" акциясы ауданымызда жалғасын табуда.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Мақат кентіндегі Л.Шахатов және М.Баймұханов орта мектебінің оқушылары аталмыш акцияға өз үлестерін қосты. Балалар бұрын ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік өз үлесін қосқан елге сыйлы, ақ жаулықты Нұржамал қарияның үйінде болды. Балалар қарияның көңілін аулап, ән мен биден шашу шашса, кітапхана қызметкерлері әжейге азық-түліктерін ұсынды. Еңбегінің зейнетін көріп отырған әжей де қарап қалмады. Алғысын жаудырып, риза көңілін білдірді. Еңбек пен тәрбиені ұштастырып жүрген кітапхана қызметкерлері мен оқушыларға ауыл қарттарының ризашылықтары шексіз. Оқушыларды үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету мақсатында өткізілген акцияның берер өнегесі мен тигізер пайдасы мол. Үлкенге – құрмет, кішіге-ізет көрсету - келешек ұрпақтың борышы. Қарттарымызды ардақтап,сыйлап өтейік.

Б.СИСЕНҚЫЗЫ,

«Нұр Отан» партиясының мүшесі,

аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521