Ақындар "жекпе-жекке" шықты

(1 Vote)

Аудандық мәдениет үйінде Елбасының "Рухани жаңғыру және ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласына сай облыс ақындарының жекпе-жек айтысы өтті.

Айтыс жергілікті Нұрбек Сарбасов пен көршілес Қызылқоға ауданының айтыскері Шалқарбай Ізбасаровтың арасында өтті.Бір ерекшелігі, әр ақын өзімен бірге бірнеше  өнерпаз серіктерін ерте келіп, олар әр айналым арасындағы үзілісте өнерлерін көрсетті.

i

Кеш жүргізушісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қойшығұл Өмірұлы қазақ даласында өткен бұрынғы айтыстардың барлығы осы жекпе-жек түрінде өтіп, олардың бірнеше күнге созылатынына ерекше тоқталды. «Бұл айтыс соның жалғасы» деп сөз бастады.

Ақындарға жиналған жұртшылықтың ерекше қошеметі зор әсерін тигізіп, ақындардың арқасын қоздырды. Әсіресе, Республикалық деңгейде облыс намысын қорғап жүрген Шалқарбайға ілесіп айтысып отырған, жергілікті жас ақын Нұрбек Сарбасовқа көпшілік қиқу салып, дән риза болды.

i

Бірнеше бөлімді қамтыған айтыста ақындар алдымен сәлемдесіп, кейін жұмбақ айтыс, қайым айтыс, түре айтыс секілді айтыстың бірнеше түрімен елдің мұң мұқтажын қозғады.

Шара соңында Қ.Жылқышиев пен қос ақын және Қызылқоға ауданынан келген өнер ұжымы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, ақындар ақшалай жүлдеге ие болды.

i

i

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521