Бүлдіршіндер "Ер төстікпен" қауышты

(0 Votes)

Ауданымыздың 95 жылдығы қарсаңында қолға алынған шаралардың бірі - халқымыздың рухани қазынасына айналған "Қазақфильм" туындыларын мәдени ошақтарда тамашалау. Аудандық мәдениет үйінде кішкентай бүлдіршіндердің назарына "Ер төстік және айдаһар" мултьфильмі ұсынылды.

Бұл ертегі қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба. Кейіпкерлердің шытырман оқиғаларына құралған ертегіні тамашалаған бүлдіршіндер жамандық атаулыға жаны құштар жағымсыз кейіпкерлерге жиіркене қарап, ізгілік пен ерлікке шақыратын батыр кейіпкерлердің қылығына елітті.

b

z

k

Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ сынды кейіпкерлермен қауышып, халқымыздың рухани әлеміне бала қиялымен қайта бойлады.

Ақпан айынан бері жалғасын тауып келе жатқан қойылымдарға талғамы биік тұрғындар үшін тек тартымды деген туындылар таңдалынды. Сондықтан баға жетпес танымдық мұрамыздың алып экраннан тарту етіліп жатқан тұсында қапы қалмаңыздар.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521