Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, бірақ кәсіби тәжірибемен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болу да өте маңызды.
Мемлекеттік қызметші ең әуелі өзінің моральдық-әдептілік құндылықтарын дамытуға күш салуы керек. Өйткені Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауы – олардың қызметтік парызы, ал бұзуы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады. Мәселеге орай аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-әдептілік бейнесі туралы профилактикалық бағытта әдептілік сағатын өткізді.
Өз тілшіміз
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 