Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы келді

(0 Votes)

Аудан әкімінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №249-ө өкіміне сәйкес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бөлім тізгінін Нұрғанды Ерлан Ахатұлы ұстады.

Ерлан Ахатұлы 1961 жылы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1985 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978-1979 жылдары Ембі ауданында «Казахстан» құрлыс цехында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары «Казахстан» совхозы №1 және №3 фермаларында зоотехник қызметін атқарған. Сондай-ақ, «Казахстан» Комсомол совхозы комитетінің хатшысы, қаржы есепшісі лауазымында да болған.

2004-2007 жылдары Қисымбай мұнай өндіру цехында 3 разрядты оператор;
2007-2012 жылдары «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның операторы;
2012-2014 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында штаттан тыс қызметкер;
2014-2016 жылдары Мақат ауданында ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде басшы;
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Жаңа басшыны таныстырған аудан әкімі Шәкір Кейкин оған үлкен сенім артып отырғанын жеткізіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған Азамат Шаңғалаев аудан әкімінің орынбасары қызметіне ауысқан болатын.

М.СЕРІКҚЫЗЫ
Сурет автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521