Кезектен тыс ХХХІI конференция өтті

(0 Votes)

 Аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық  филиалының кезектен тыс ХХХІI конференциясы өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шәкір Кейкин төрағалық етіп, конференцияның өкілеттілік нормасына сай 1880 партия мүшесінен 50 делегат қатысты. Олардың қатарында аудандық  партия филиалы Саяси Кеңесінің және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, партия ардагерлері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері болды.

fraksia-2

Кеш барысында «Nur Otan» партиясының аудан бойынша  2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді.

fraksia-3

Атырау облыстық мәслихатының партиялық тізіміне ұсынылатын кандидаттар пікірсайыс арқылы анықталды. Қорытынды бойынша Сәлімжан Нақпаев - 44 дауыс, Айбол Долдашев - 15, Абзал-Сенбі Самаликов - 36, Әділбек Идиятов - 30 дауыс жинады.

fraksia

Сондай-ақ, аудандық мәслихатқа "Nur Otan" партиясының партиялық тізіміне 24 адам бекітілді. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясына делегаттар сайланып,  партияның аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

fraksia-6

Аудан әкімі Шәкір Кейкин ауданда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын өткізу үшін «Nur Otan» партиясының Мақат аудандық сайлауалды штабы құрылғанын жеткізді. Аталмыш штабтың төрағалығына аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов кандидатурасын бекіткенін жеткізді.

fraksia-5

Сондай-ақ, аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасарына «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова бекітілгенін айтты.  

fraksia-4

Шара барысында конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, хаттама толтырылды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521