Аудан әкімі ғимаратында «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесі құрылған болатын.
Аудан әкімі аппаратының басшысы О.Айкашева төрағалық еткен жиында дербес бөлім басшылары мен комиссия құрамы қатысты. Жобаның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту және мемлекеттік билікке азаматтардың сенімін арттыру болып табылады. Жобалық кеңес жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз етуге және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға қызмет етеді.
«Адалдық алаңының» жұмыс жоспары жүйелі жүргізілетін болады. Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін аталмыш жобаның құзыреті мол. Комиссия мүшелері барлық салалар бойынша, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың, құрылыс т.б. салаларды қарауға құзыреттілігі бар деп атап өтті О.Айкашева. Сондай-ақ, комиссия құрамымен таныстырып, іс-шаралар жоспарымен бөлісті. Онда әр сала бойынша өзіне қатысты тапсырмаларды уақытында орындап, жобалық кеңсеге ақпарат беруді жадылады.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Сурет автордікі