«Жең ұшынан жалғасуға» жол жоқ

(1 Vote)

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі.

Аптаның жұмасы күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібінде: аудан әкімдігімен аудандағы мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік секторларда орын алған сыбайлас жемқорлық фактілерінің себептерін талқылау, ұжымдарда ашық талқылау және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі , аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуы туралы есептері тыңдалды.

7

Алғашқы мәселе бойынша сөз алған аудан әкімдігі аппаратының жетекшісі Оксана Айкашева баяндама жасады.

Жыл басынан бері 96 қызмет түрінен 14528 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде 5506, корпорация арқылы 1792, электронды портал арқылы 7230 қызмет көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдармен, ХҚКО қызметкерлерімен 41 жиналыс өткізілсе, қызмет түрлерін көрсету мақсатында 3 жәрмеңке, 2 қоғамдық кеңесте тыңдалып отыр. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 47 мақала ұсынылды.

Кеңесте сондай-ақ, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде атқарылған қызмет түрлері, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жүзеге асып жатқан шаралар жан-жақты сараланды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуы тиістігі сөзсіз. Кеңесте қаралған мәселелеге орай ұсыныстар тыңдалып, қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT