5 адам арыз берді

(2 Votes)

Биылдың өзінде осымен үшінші мәрте өтіп жатқан "Жолда қабылдау" республикалық акциясы бүгін, екінші күн қатарынан өз жалғасын табуда.

"Нұр Отан" партиясының ғимаратының жанына жайғасқан полиция қызметкерлері көпшілік көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, арыз-шағымдарын қабылдауда. Негізі халық көп шоғырланатын аймаққа табан тірейтін мамандар келесі жолғы акцияны базар маңынан ұйымдастыруды жоспарлауда.

Мақат АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Мажитов Русланның айтуынша, 14 маусым күнгі таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін ұйымдастырылған акцияда бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, сондай-ақ бес тұрғыннан арыз қабылданған. Отбасылық жағдайдан бастап, төленетін айыппұл бойынша толғандырған сауалдарға тұрғындар өз жауабын алып, тиісінше арыз-шағымдарын қалдырып үлгерді. Акция бүгін, 15 маусым кешкі жетіге дейін жалғасын табады. Халықтың игілігіне ыңғайластырылған шарадан қапы қалмаңыздар!

А.Садықов,

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521