Көп балалы шаңырақтардың шаттығы

(1 Vote)

Аптаның дүйсенбісі ауданымызда екі отбасы баспана бақытына ие болды. Отбасылардың баспаналы болу арманын «Ембімұнайгаз» АҚ-ы басқармасы ақиқатқа айналдырды.

i

i

i

w

Мақат кентінде тұратын 7 балалы Дүйсеновтер отбасы және Доссор кентінде тұратын 6 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Сейтоваға пәтер кілтін табыстау үшін «ЕМГ» басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков арнайы келді.

Ол игі істің мұнайшылардың біркүндік жалақысын аудару арқылы мүмкін болғандығын жеткізе отырып, мұнайшылар қауымының аймақтың әлеуметтік мәселесінен тыс қалмайтынын, осы ретте игілікті істің соңы болмас деген жағымды пікірін жеткізсе, аудан әкімі Жұмабай Қарағаев аудан халқы атынан мұнайшылар қауымына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде пәтер кілтіне ие болған Дүйсеновтер отбасының отанасы Гүлбаршын Әбденова аналық алғысын білдірді. Ал, доссорлық Сейтова хабар жетісімен жетінші сәбиін дүниеге әкелуге перзентханаға кеткендіктен, оның анасы Клара апай рахметін жаудырды.

Сөйтіп, апта басы көп балалы шаңырақтың шаттығымен басталды.

Е.МЫРЗА

суретті түсірген А.Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521