banner_damu

45 жыл жөндеу көрмеген

(0 Votes)

С.Шарипов атындағы мектеп интернаты 1974 жылдан бері оқушылар үшін есігін айқара ашып, білім нәрімен сусындатып келеді. Ал, қабырғасы қаланғаннан бері күрделі жөндеу жасалмаған ғимаратқа биыл 45 жыл толады. Мектепке осы жаздың үш айында жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.

Оқу жылы аяқталысымен, мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен 72 миллион теңге қаражат бөлінген. Ал, жөндеу жұмыстарын «ГАММА-С» мердігер мекемесі жүргізуде.

w

w

w

Қазіргі уақытта мектептің шатыры түгелдей ауыстырылып, жаңартылған. Енді жұмысшылар мектептің ішкі бөлігіне кіріскен. Онда есік және еден ауыстырылып, қақыраған қабырғалары талапқа сай жөнделеді. Сондай-ақ, мектептің қоршауы түзеліп, аулаға өрнектастар төселетін болады. Бұрын мектептің бірінші қабатында ғана дәретхана болса, енді үш қабатта да дәретхана салынады. Сәйкесінше, кәріз жүйесі және септик те іске қосылады. Әбден тозығы жеткен мектептің спорт залы да жаңаша түрге енетін болады. Сондай-ақ, мектептің жатақханасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Айбол Долдашев оқу мерзімі басталғанша жөндеу жұмыстары аяқталады деп сенім білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика