Сәбиге домбыра тарту етті

(0 Votes)

Аудандық ауруханада Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық домбыра күніне орай «Қасиетті домбыра» акциясын жалғастырды.

Шараға Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақат ауданы бойынша сарапшысы Ж.Барлыбаева, Мақат кенті Аналар кеңесінің төрайымы К.Алишова, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Сарбасов, бөлімнің бас маманы А.Кеуелова, аурухана қызметкерлері қатысты.

i

Мақат кенті Аналар кеңесінің төрайымы К.Алишова Домбыра күні қарсаңында дүниеге сәби әкелген жас ана А.Мизамованы құттықтап, жаңа туған сәби А.Тұрланға қазақтың қара домбырасын тарту етіп, сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Сарбасов жас анаға құттықтау хат пен гүл шоғын тарту етті.

Жиналғандар ұлттық аспап-домбыраның қасиетін айтып, сәбиіміз күй-толғаулардан сыр шертетін ал азаматы болсын деген тілекпен тарқасты.

А.Садыков,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT