2019 жыл Мақатта қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

(0 Votes)

Мақат ауданы биыл айтулы оқиғалардың ордасына айналады. Доңыз жылындағы мұнайлы өлкеде болған маңызды оқиғалар легін ұсынып отырмыз.

Биыл Мақат-Доссор кенттерін қатынайтын қоғамдық көлік қатынасқа шықты. Жолаушылар үшін қоғамдық көліктің жолақы құны - 200 теңгеге бағаланып, тұрғындар үшін қолжетімді баға қойылды.

img_1827

Мақат жұрты кинотеатрға оралып, алтын қорда сақталған Менің атым Қожа», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», «Ботагөз», «Абай әні», т.б. қазақ киноларын әр аптаның жұма, сенбі күндері мәдениет үйлеріндегі лед экраннан тамашалауға мүмкіндік жасалды.

img_2782

Доссор кентінде 100 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бөбекжай балабақшасында жүзу бассейні, музыка, спорт залы талапқа сай орнатылған.

img_2809

Ауданда «Жас проджект» жобасы жүзеге асып, 28 жоба үздіктер қатаранан көрінді.

qyzdarym

«Ембімұнайгаз» АҚ-ы басқармасының мұнайшылары көпбалалы екі отбасыға баспана сыйлады.

img_1486

Ауданға биыл 855 түп айланд талы егіліп «Суару жүйесінің автоматты таймері» құрылғысы іске қосылды.

still0614_00007

«Харекет» қоры Доссорлық көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады.

img_0138

ҚР Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов жұмыс сапарымен ауданымызда болып, ақ халатты абзал жандармен кездесті.

img_4205

Қыркүйек айының 17-сі күні аудан әкімі болып Шәкір Кейкин тағайындалды.

Бұдан бұрын ауданды басқарып келген Жұмабай Қарағаев облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

img_5914

Еламан Саясатов Тайланд елінде өткен кәсіпқойлар арасында өткен чемпионатта чемпион атанды.

bc7758b1-5229-4941-801e-fac1a227cc43

Республикалық бюджеттен көпбалалы отбасыларды қолдау үшін ауданға 157 млн теңге қаржы қарастырылып, бөлінген қаражатқа жергілікті билік 22 көпбалалы отбасыға баспана бақытын сыйлады.

img_2646

Биыл ауданның 95 жылдығы ауқымды көлемде аталып өтті.

img_8020

Мақаттық ару Л.Шахатов орта мектебінің түлегі Айзада Хабибуллаева «Мисс Астана-2019» байқауының жеңімпазы атанды.

1576687805-218

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби шаһарында өткен муайтайдан Азия чемпионатында Әбіл Галиев чемпион атанды.

whatsapp-image-2019-09-30-at-12_43_30-2

"МТ"

Фото: "Мақат тынысы" архивінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521