Бүлдіршіндер ескі жылмен қош айтысты

(0 Votes)

Аптаның дүйсенбісінде аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің қолдауымен мәдениет үйінің қызметкерлері әзірлеген балаларға арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Шараны Мақат кенті әкімі Б.Сәрсенов ашып, балғындарды жаңа жылымен құттықтады.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері де әр түрлі образдағы костюмдерімен әдемі қойылымдарын әзірлеп қойған екен.

img_8644

Етікші мысық, Әли мен Аия, Кесірбек Робби, аяз атамен ақшақар секілді балалардың сүйікті кейіпкерлері де ортадан табылып, қызықты ойындар өткізді.

img_8668

Алдымен, аяз атаның кейіпіне енген Кесірбек Робби жиылғандарды жаңа жыл болмайды деп алдап, кештің шырқын бұзғысы келді. Алайда Әли мен Аия бұдан секем алып балалармен бірге «уілдеп» жасанды жел тұрғызды.

img_8682

Ызғарға шыдамаған Кесірбек көп ішінен қарасын батырып, ортаға нағыз аяз ата мен ақшақар келіп қуантты.

img_8688

Жүздері бал-бұл жайнаған балғындар аяз атаға арнаған тақпақтарын айтып, тәттілерге кенелсе, шараға ең әдемі костюммен келген балақайлар да аталарының сыйлығынан құр қалмады. Осылайша әсем ән мен көңілді билерге куә болған бүлдіршіндер мешін жылымен қош айтысып, жаңа тышқан жылын қарсы алды.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT