Адам үшін 80 жыл – ұзақ ғұмыр, алайда тарих үшін бұл көзді ашып-жұмғандай ғана сәт. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына көп уақыт өтті, ал майдангерлердің қатары сиреп қалды. Сондықтан бұл соғыстың естеліктерін сақтау – ерекше маңызды. Өз тарихымызды ұмытсақ не болмаса менсінбей қарасақ, үлкен қауіп төндіреміз. Бұл қателікті қайта қайталауымыз мүмкін. Ал бұл – қорқынышты.
Иә, мен салыстырмалы түрде жаспын – 1945 жылдың мамырындағы Жеңіс салюті менің өмірге келуімнен 31 жыл бұрын болған. Көпке дейін мен сол кездің куәгерлерінің әңгімелерін ертегі секілді қабылдайтынмын – бәрі алыс, шынайы емес сияқты көрінетін. Бірақ 2017–2018 жылдары мен Брест қамалындағы 1941 жылғы 22 маусым оқиғаларын қайта жаңғырту шарасына қатыстым. Сол жерде жарылыстар мен автомат дыбыстары тек имитация, ал шабуылға шыққан адамдар – кеше ғана бірге отбасында отырған, шарадан кейін қайта шүйіркелесетін достарым екенін біліп тұрсам да, бәрібір бойымды үрей биледі. Әрине, мен Брест қамалын қорғаған жауынгерлердің алғашқы сағаттарда бастан өткерген үрейін мыңнан бір бөлігін де сезіне алмадым, өміріме қауіп төнген жоқ. Бірақ әсері – орасан. Бұл мені қатты толқытты. Айта алмаймын, бірақ меніңше, дәл сол сәтте мен біздің әкелеріміз, аталарымыз, арғы аталарымыз не істегенін түсіне бастаған сияқтымын. Майданға бармаған, бірақ тылда еңбек еткен буынның да жасаған ерлігі – баға жетпес.
Бүгін арамызда жоқ жандарға – мәңгілік тағзым! Батырлардың алдында бас иеміз!
Талғат ІЛИЯСОВ,
кәсіпкер