«Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек» деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында. Бұл ретте шәкірттердің зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамытып, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру зор маңызға ие. Бүгінде қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында бірқатар жобалар да бар. Солардың бірі - «Зерде» ғылыми-жобалар конкурсы.
Өткен аптада 2-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде индерлік оқушылар жеңіс төрінен көрінді. Атап айтсақ, М.Сиранов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Аделья Шайдолла (жетекшісі Г.Сәрсенғалиева), 3-сынып оқушысы Гүлсезім Сәметқызы (жетекшісі Ж.Даулетова) мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Мадина Сатыбалдықызы І орынды (жетекшісі Н.Жұбандықова) жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, «Көктем» қазақ орта мектебінің 5-ші сынып оқушысы Олжабай Әмір (жетекшісі Г.Нариманова) мен Махамбет атындағы орта мектептің 5- сынып оқушысы Мырзахан Асқар (жетекшісі А.Ележанова) ІІ орынды еншіледі.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ