Аудан әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кенті С.Мұқашев көшесіндегі 18/6 тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады.
Кездесуге кент әкімі және дербес бөлім басшылары қатысып, кездесу барысында тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі, пәтер иелері кооперативі, қоқыс жәшіктерінің орнын ауыстыру, жол, электр желісіндегі мәселер мен иесіз ғимараттарды бұзу, жаяу жүргіншілер жолын қарастыру сынды мәселер қозғалды.
Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Азамат Саматұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін және бұл жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Ә.Қасым