Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі кезекті Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетілу қажет екенін айтқан болатын.
«Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады»,- деді ел Президенті.
Осы тұрғыда ауданымызда бірқатар істер атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ мүмкіндігі шектеулі жандарға гигиеналық құралдар, тифлоқұралдар, сурдоқұралдар, креслоарбалар және өзге де қажетті құрал-жабдықтар беріліп отыр.
Сонымен қатар, біз секілді көмекті қажет ететін азаматтарға жеке көмекшілер тағайындалып, түрлі шипажайларға ем-дом алу мақсатында жіберіп келеді.
Одан өзге, барар жерімізге тез әрі қауіпсіз жетуіміз үшін инватакси қызметі де тегін көрсетіледі.
Одан бөлек балаларға арналған иппотерапия қызметі де бар. Ол түрлі диагнозы бар балаларға қажетті, әрі нәтижелі ем шара түрі деуге болады. Оны ата-аналардың ризашылығынан да байқауға болады.
Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен көмек пен атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Өйткені мүмкіндігі шектеулі әрбір жан қоғам мүшесі және олар барлық азаматтармен тең құқылы.
Ж.Тәжібаева,
I топ мүгедегі