ШТАБ МҮШЕЛЕРІ "СВЕТЛАНД-ОЙЛ" ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ "СВЕТЛАНД-ОЙЛ" ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
(0 Votes)

Бүгін, 10 қыркүйек күні АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері Жеңіс Абілкарес, Нұрлан Суюнбаев, Бекет Кенжеғұлов, Данагүл Джайлаубаева, Әлия Мырзағалиева референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Светланд-Ойл» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. 

Мекеме ұжымымен әңгіме барысында Бекет Кенжеғұлов Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды. Яғни, Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғандығын, осы орайда энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер ететіндігін айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% – қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Мәселен, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі өте жоғары, екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсіп отыр. Сонымен қатар, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Бұл мәселелер болашақта бір жақты шешіледі деп сенеміз», - деді Б.Кенжеғұлов.

Кездесу барысында референдум туралы мағұлматтарға қанық болған жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521