АЭС: тиімділігі қандай?

АЭС: тиімділігі қандай?
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Ең бастысы, елімізде атом электр станциясының салынуы бізді өзге мемлекеттердің энергия көзінен тәуелділіктен арылтады. Яғни, ешкімге жалтақтамай, электр энергиясының қуатын өзіміз өндіреміз.

Екіншіден, АЭС салынған кезде оның құрылысына қарапайым тас қалаушыдан бастап қазақстандық мамандар тартылады.

–Барлық халықаралық қағидалар сақталса мен бұл атом электр станциясын қолдаймын. Себебі, қазір халықаралық қаржыландыру банкілері көмірге инвестиция салудан қашып отыр. Өйткені, оның болашағына күмәнмен қарайды. Күн сәулесі мен жел де әрқашан болмауы мүмкін, бірде-бар, бірде-жоқ. Сондықтан, оларды мақсаттарымызды шешетін тұрақты энергия көздері деп айтуға болмайды. Демек, атом индустриясын дамыту керек деп ойлаймын. Қазіргі атом электр станциялары жаңа талаптарға сай өте жақсы жасалады деген сенімдемін, — дейді бізбен пікірлескен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Каспий кешенін зерттеу және мониторинг зертханасының меңгерушісі Махамбет Құдайбергенұлы.

Айбөпе САБЫРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT