Шетелдіктер V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы не дейді?

Шетелдіктер V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы не дейді?
(0 Votes)

 Шетелдік спортшылар, туристер Қазақстанда өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтуда. 

Солардың бірі Оңтүстік Корея республикасының ұлттық құрама командасының өкілі Хуингмо Канг.

Ол біздің түсірілім тобына берген сұхбатында Корея елінен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрғанын айтты.

"Астанаға бірінші рет келуім.

Бұл жер өте әдемі әрі маған қызық болып жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойынына да алғаш рет қатысуым.

Кореялық спортшылар қазақ күресі және алыш күресі түрлері бойынша қатысып жатыр" дейді Оңтүстік Корея республикасының ұлттық құрама командасының өкілі Хуингмо Канг.

Италиядан арнайы келген фотожурналист Федерико Спануды этноауылдан кездестірдік. Қазақстан, соның ішінде Астанаға бірінші рет келіп отырған италияндық әріптесіміз бұл сапардың өте қызық болып жатқанын айтты.

"Бұл елдегі адамдар өте қонақжай, мейірімді. Италияда көшпенділер спорты аса дамымаған. Мен осындай қызықты спорт түрлерінің біздің елімізде де дамығанын қалар едім" дейді ол.

Қырғызстандық бапкер Жаниш Ташматов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

"Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Қазіргі уақытта қазақ күресін тамашалап отырмын. Ойындар жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Қазақ күресі, алыш күресі бойынша спортшыларды алып келдім" дейді Қырғыз Республикасының алыш күресі бойынша бас бапкері Жаниш Ташматов.

Еске сала кетсек, Астан қаласында 8 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521