ШЕРУДЕ – МҰҒАЛІМДЕР ӘУЛЕТІ ДИНАСТИЯСЫ

(0 Votes)

 Ұстаз – ұрпақ тәрбиесіндегі ең ұлық қызмет. Осынау ұлы есімді аманат етіп арқалап, өзгенің баласын білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар династиясы ауданда жетерлік. Солардың бірі - Кейкешовтар әулеті.

Кейкешовтар әулетінің ұстаздық жолы тереңде жатыр. Әулеттің отағасы Қасымқожа Кейкешов алғаш ұстаздық жолын сол 1956 жылы В.Г.Белинский атындағы орта мектепте химия-биология пәні мұғалімі болып бастап, кейіннен 1973-1978 жылдар аралығында осы мектептің оқу ісі меңгерушісі болып жалғастырған. Одан кейін 1978-1998 жылдар аралығында мектеп директоры болып жұмыс жасаған.

Қастерлі мамандықтың қадірлі иесі бола білген Қасымқожа Кейкешов ұстаздық жолында атқарған адал қызметі үшін «Еңбектегі ерлігі», «ҚазССР ағарту ісінің үздік қызметкері» және 1990 жылы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталып, 1991 жылы «ҚР Еңбегі сіңген мұғалімі» құрметті атағына ие болған.

Сондай-ақ оған 1998 жылы «Доссор кентінің Құрметті азаматы», 2006 жылы «Мақат ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп, 1999 жылы ҚР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Ұлағаты мол ұстаздан тараған ұрпақ бүгінде әке жолын жалғап, білім беру ісінен алыстаған емес.

Ұстаздың тұңғыш қызы Жанаргүл – Атырау қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы орта мектепте, ортаншы қызы Жанат – Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте кітапханашы және кіші қызы Ляззат Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.

Ал, кіші келіні Анария – Атырау қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі, кіші келіні Гүлшара Б.Қанатбаев орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, ұстаздың немерелері де шәкірт тәрбиелеу жолынан қалыс қалған емес. Бүгінде олардың бірқатары Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжінде білім алуда. Болашақта ата жолын жалғайтын білікті ұстаз болары сөзсіз.

Ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздардың еңбегі орасан зор десек, бір әулеттен бірнеше педагог шыққан отбасылар қандай да болмасын марапатқа лайықты.

Осы тұста Кейкешовтар әулеті 2014 жылы Атырау қаласында өткен облыстық мұғалімдер династиясы шеруіне қатысып, көрермендер көзайымына айнала білген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521