Құрақ көрпе тігіп үйренді

(0 Votes)

Ауданда алғаш рет Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қазақ қызы» академиясымен бірлесіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қазақи қолөнерді жандандыруды кеңінен насихаттау мақсатында «Дәстүрлі қолөнерге негізделген мастер-кластар ұйымдастыру: тоқыма бұйымдарынан заманауи және этникалық әшекейлерді қолдану технологиясымен» атты екі күндік мастер-класс өткізілді.

Оған ауданнан ісмер, шебер 25 әйел қатысты. Мастер-кластың алғашқы күнінде мата қиындыларын қиюластырып, құрақ көрпе құрап, дайын болған құрақтарын біріктіріп, латынша «Мaqat» деп, арнайы пано дайындады. Келесі күні құрақ технологиясымен бірге жастық және маталардың қиықтарынан заманауи технологияда 3d жастықтар жасап үйренді.

i

i

i

Қатысушыларды «Қазақ қызы» академиясының шебер оқытушысы Әсел Өтебаева өз білімімен бөлісіп, көптеген қазақи ұлттық бұйымдар, соның ішінде сәукеле, шашбау, қарсыілгек, туындыларының қалай жүзеге асатынын теориялық түрде көрсетіп, үйретті.

Екі күнге ұласқан шеберлік сыныбы соңынан «Қазақ қызы» академиясы ЖШС-і «Bilim Bolashak» инновациялық-технологиялар орталығының директоры А.Мухсинова қатысушыларға сертификат табыс етті.

i

Шеберлік сыныбы басқа аудандармен қатар, Атырау қаласында жалғасын таппақ.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT