Балаларымызға қолдау көрсетілді

(0 Votes)

 Аудандық орталық ауруханада "Біз біргеміз" атты онкологиялық  дертпен күресіп жүрген балаларды қолдау мақсатында ашық есік күні өтті.

Шара барысында психологтар балалардың көңілін аулап, түрлі бағытта әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, балғындар қолдарына қылқалам алып, сан түрлі суреттерді бейнеледі. Бірі құлпырған гүлдерді суреттесе, енді бірі өз туындысын ашық аспанмен үндестірді. Бұл кеште балалар жалғыз болмады. Оларға қонақ болып Микки Маус және сиқырлы Фея бейнесімен көңілді аниматорлар келіп, естелік суретке түсті. Он саусағынан өнері тамған өрендерімізге шара соңында арнайы сурет салуға арналған бұйымдар табыс етілді.

qaiyrym-1

"Әрбір дерт өзінің дауасымен жаратылған" демекші, бүгінгідей дамыған заманда кез келген ауруды күресіп жеңуге мүмкіндік мол. Тек, темірдей төзіммен қайтпас қайсарлық керек. Сол үшін біз біргеміз!

А.САДЫКОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521