«Автобус» шарасы өтуде

(0 Votes)

Осы жылдың 03-09 желтоқсан аралығында республика аумағында ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі мүдделі қызметтестермен бірлесе отырып, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көлік құралдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу, жолаушылар мен багажды тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етіп, бағыттарда заңсыз жолаушы тасымалдау жайттарының жолын кесу. Іс-шараға жол-патрульдік полиция қызметкерлері және басқа да салалық құрылымдар жұмылдырылуда.

Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Мұндай іс-шаралар жол-көлік апаттарының санын төмендетуге, қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алатын жол ережесін бұзушылық жайттарын болдырмауға септігін тигізеді.

Р.ИСЕМҒАЛИЕВ,

ЖППБ-нің аға қызмет инспекторы полиция лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз