Өткен аптада аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ауданның шаруа қожалықтары, серіктестіктер басшылары, жеке кәсіпкерлермен кездесті.
Жиналысқа сондай-ақ, коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысып отырды. «Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Осының негізінде әрбір азамат өзінің бизнесін кез келген уақытта ашуға және мемлекеттен қолдау алуға мүмкіндігі бар. Осы ретте өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер болса, бүгінгі кездесуде ортаға салып, оның шешімін алуға жұмыстанатын боламыз» деп аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ашық сұхбатқа шақырды.
Кәсіпкерлер тарапынан коммуналдық қызметтердің бағасы шарықтап тұрғандығы, қызметті пайдалану барысындағы келісім-шарт мәселесі көтерілді. Әсіресе, ауыз суды пайдалану және кәріз суының өтемақысындағы түсініксіз жайттарға бас қатырған кәсіпкерлер сумен қамтушы мекеме –«Атырау су арнасынан» мәселенің мәнісін түсіндіруді сұрады. Бұдан басқа, бизнес-нысандарға арналған энергетикалық ресурстардың жоғары тарифтері, жылыту мәселесіндегі көгілдір отынды бұлдаған монополистер, олардың бағалаудағы шектен аса қымбатшылығы туралы кәсіпкерлер мәселені жиі көтерді.
Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында зертхананың ауданда жоқтығы осы бағытта кәсібін жүргізіп отырған бірқатар кәсіп иелеріне қиындық туғызып келетіндігін айтқан Г.Тілеуова ауданда мал соятын цех пен зертхана жоқтығынан Атырау қаласынан малды сойып, зертханадан өткізіп алып келетіндігін, ол қызметіне өзіндік қиындықтарын әкеліп отырғандығын айтты. Кездесу барысында мал шаруашылығымен айналысатын шаруагер жұмыссыздар тарапына сұраныс берсе де, оған ниеттенушілер табылмай келетіндігін ескерсе деген өтініш білдірді. Сауда немесе басқа да қызмет көрсету орындарында кассалық аппараттардың болуы және фискальды чектің берілуі тиістігін аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Байниязова түсіндірді. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында зертхананың ауданда жоқтығы осы бағытта кәсібін жүргізіп отырған бірқатар кәсіп иелеріне қиындық туғызып келетіндігін айтқан Г.Тілеуова ауданда мал соятын цех пен зертхана жоқтығынан Атырау қаласынан малды сойып, зертханадан өткізіп алып келетіндігін, ол қызметіне өзіндік қиындықтарын әкеліп отырғандығын айтты. Кездесу барысында мал шаруашылығымен айналысатын шаруагер жұмыссыздар тарапына сұраныс берсе де, оған ниеттенушілер табылмай келетіндігін ескерсе деген өтініш білдірді. Сауда немесе басқа да қызмет көрсету орындарында кассалық аппараттардың болуы және фискальды чектің берілуі тиістігін аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Байниязова түсіндірді.
Кент келбетіне алаңдаулы Мақат кентінің тұрғыны Б.Ешембетова тәртіпсіздікке тұсау әрі бюджетке табыс болар бейнебақылаулар орнату мүмкіндігі туралы ұсынысын жеткізді. Кездесуге қатысқан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Шанғалаев мемлекеттік бағдарламалар арқылы инвестициялық субсидияның мәнісін түсіндірсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ының мамандары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Мемлекеттік бағдарламасы арқылы 6 пайызбен несие алуға мүмкіндік туралы, кепілге жылжымайтын мүлік қою жайын түсіндірді. Ал,жинақтаған құжаттарды электрондық мекен-жайы бойынша аудандық кәсіпкерлер палатасына жіберуге болады.
Кәсіпкерлермен болған ашық сұхбатты қорытындылаған аудан әкімі Ж.Қарағаев көгалдандыру мақсатында аудан көлемінде отырғызылған 2700 түп ағаштың санын жылдан-жылға көбейтіп, оны жасыл желекке айналыру үшін жан-жақты қолдау қажеттігін осы ретте кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болса деген ұсынысын жеткізді. Нысандарының айналасындағы архитектуралық ансамбльмен санасып, оның сәнді болуына мән берілсе, кент келбеті де жақсара түсері сөзсіз. Аудан басшысы бірқатар кәсіпкерлерге қайырымдылық шараларға белсене қатысып, ауданның қоғамдық өмірінде өзіндік үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге, келер жылдың ауқымды жобаларымен бөлісті. Жиын соңынан барлық құзыретті орынның басшылары мен жауапты мамандарына көтерілген мәселелерге орай тапсырмалар жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.
Суретті түсірген А.ТАУМҰРЫНОВА.