Ауданда мерекелік шеру өтті

(0 Votes)

1-ші Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін Мақаттықтар да ерекше көңіл күймен қарсы алды. Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары ыстық ықылас пен достық ниеттің жарқын үлгісін көрсетіп, жадырасып тарасты.

Жиылған жұртшылыққа мерекелік лебізін жолдаған аудан әкімі Ринат Ибрагимов түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдыры тоғысқан мұнайлы мекен тұрғындарына толағай табыстар тіледі.

«Татулық-достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шеру шараның ажарын ашып, аудан мекемелері 17 колоннада сап түзеп шеру тартты. Шеру тартқан мекеме қызметкерлері әрбір ұлт өкілдерінің образын сомдап, өз өнерлерін ортаға салды.

Орталық алаңға жиылған аудан тұрғындарын айрықша сезімге бөлеген керемет қойылымдар Қазақ халқының даладай дархан пейілін паш еткендей. Мерекелік шара әрі қарай аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласып, ынтымақ пен бірлік күні мұнайлы мекеннің аспанында ақ көгершін қалықтады.

А.Садықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT