Атыраудағы референдум учаскелерінің алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Атыраудағы референдум учаскелерінің алдында азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр
(0 Votes)

 Қала аумағындағы 40 референдум учаскесінің маңында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдщастырылған ,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азаматтар тек дауыс беріп қана қоймай ет, сүт, нан өнімдерін, жеміс-жидек, тіпті қолөнер туындыларын арзан бағада сатып ала алады.

- Кеңөзек ауылдық округінің тауар өндірушілері, шаруагерлер ұсыныс білдіріп, жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз . Оған 4 кәсіпкер қатысуда. Яғни, шаруа қожалықтары, ауылдағы дүкендердің қызметкерлері қатысып, іс-шараны өткізуде,- деді Кеңөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қайрат Хабиев.

Бұл жәрмеңкеде қала аумағындағы тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылып жатыр.

- Өз таңдауымды жасап, дауыс беріп шықтым. Мына жердегі жәрмеңке ерекшелік беріп тұр. Бұл маңда жақын жерде дүкен жоқ, келген адамдар керегін осы жерден алып кетіп жатыр,- деді қала тұрғыны Фархад Шагиров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT