Атырауда үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Qabilet» акселераторы іске қосылады

(0 Votes)

Әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысқысы келетін, бірақ неден бастарын білмейтін жандар үшін Атырау мен Құлсары қалаларында маңызды бастама қолға алынып отыр. Мұнда жаңа және бастаушы үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ), волонтерлер мен белсенділерге арналған «Qabilet» акселератор бағдарламасы іске қосылады.

Акселератор не үшін қажет?
Көптеген ҮЕҰ үлкен ынтамен және идеялармен тіркеледі, алайда олар ұйымдастыру, қаржы көзін табу, грантқа өтінім жазу немесе жобаны нәтижелі және есепті түрде жүзеге асыруда қиындықтарға тап болады. «Qabilet» акселераторы осы олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі.
— Маусымнан қазан айына дейін біз ҮЕҰ өкілдері, бастамашыл топтар және белсенді азаматтар үшін сегіз қарқынды тренинг өткіземіз. Қатысушылар әлеуметтік жобаларды әзірлеуді, грантқа өтінімдер жазуды, жұмысты тиімді ұйымдастыру мен нәтижелерді бақылауды үйренеді. Бағдарлама соңында әр қатысушы өз идеясын пысықтап, оны өміршең жобаға айналдыра алады, — дейді бағдарлама кураторы Нелли Төлегенова.
Қатысушылар не алады?
•    Кәсіби тренерлерден білім
•    Жеке кеңес және менторлық қолдау
•    Әлеуметтік маңызы бар шынайы жобаларды әзірлеу
•    Грантқа өтінімдерді рәсімдеуде қолдау
•    Астана мен Алматыда тағылымдамадан өту — табысты ҮЕҰ-лармен тәжірибе алмасу
Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік деп танылған 14 жоба (Атырау мен Құлсарыдан 7 жоба) таңдалып, олардың авторларына Астана мен Алматы қалаларында жетекші ҮЕҰ жұмысымен танысу мүмкіндігі ұсынылады.
Кімдер қатыса алады?
•    Атырау және Жылыой аудандарынан тіркелген ҮЕҰ өкілдері
•    Бастамашыл азаматтар мен белсенділер
•    Волонтерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, үйірме жетекшілері
•    Мәдениет үйлері мен жастар орталықтарының қызметкерлері
Байланыс нөмірі:
+7 778 489 7704, Нелли

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT