Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сәуір айының 25-нен бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілуде.
Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.
Акцияға қатысқысы келген әрбір тұрғын өзіңіз тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция бөліміне арыз-өтінішпен бірге қаруды алып келуге болады.
Акция бойынша автомат, аңшылық қару, тапанша, граната, мина, артиллерия оғы, жарылғыш заттар қабылданады. Сондй-ақ, тапсырылған қарулар І, ІІ, ІІІ санат (категория) бойынша жүргізіледі. Бір айта кетерлігі акцияға өткізбек болған қаруыңыз жарамды болуы қажет.
Қабылдау комиссиясы тұрғынның өз еркімен тапсырған қару үшін санаттар бойынша ақысын төлейді. Атап айтсақ:
- иір ойықты автоматтарға – 306300 теңгеге дейін;
- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 153150 теңгеге дейін;
- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға – 122520 теңгеге дейін;
- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 91890 теңгеге дейін;
- жарақат салатын қарулар – 30630 теңгеге дейін;
- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 21441 теңгеге дейін;
- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 18378 теңгеге дейін;
- иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін – 87,52 теңге.
Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдері қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.
Тағы бір ескертпе - азаматтардың полиция бөліміне заңды тіркелген қарулары үшін ешқандай өтемақы төленбейді. Тек қана аңшылық қаруы атуға жарамсыз болған жағдайда ғана немесе алға қарай өзіне қажет болмаған кезде қару иесінің жазған арызына сай жоюға тапсырылады.
Б.Қапанов,
Аудандық полиция бөлімінің
Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы,
полиция майоры